ОСК құрамына алты жаңа мүше тағайындалды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлықтарымен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының алты мүшесі тағайындалды. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
ОСК мүшесі лауазымына:
• Азамат Мақсотұлы Айманакумов;
• Михаил Михайлович Бортник;
• Мұхтар Тілдәбекұлы Ерман;
• Әсел Болатқазықызы Жанәбілова;
• Ләззат Кенесқызы Сүйіндік;
• Шавхат Әнесұлы Өтемісов тағайындалды.
Бұған дейін Құрылтай отырысында Президент ұсынған кандидатураларға депутаттар келісім берген болатын.