Жапония әскери базаларды роботтарға күзеттірмек
Жапония Қорғаныс министрлігі жасанды интеллектпен жабдықталған адамға ұқсас роботтарды Сюзін-өзі қорғау күштерінде қолдану мүмкіндігін зерттемек. Бұл туралы Newsroom.kz Ynaға сілтеме жасап хабарлайды.
Ynа агенттігінің мәліметінше, бастапқы кезеңде роботтарды әскери базаларды күзету, патрульдеу және түрлі жүктерді тасымалдау сияқты қосалқы жұмыстарға пайдалану жоспарланып отыр.
Мұндай технологияны енгізудің негізгі себептерінің бірі – Жапониядағы әскери қызметкерлер тапшылығы. Елдегі демографиялық жағдайға байланысты алдағы 20 жылда 18–32 жас аралығындағы әлеуетті әскери қызметкерлер саны шамамен 30%-ға қысқаруы мүмкін.
Жапония билігі гуманоид роботтарды болашақта барлау және құтқару операцияларына да тартуды қарастырып отыр. Бұл бағыттағы зерттеулерді Қорғаныс министрлігінің Сатып алу, технологиялар және логистика агенттігі жүргізеді. Сонымен қатар жеке компаниялар мен университеттер әзірлеген роботтардың мүмкіндіктерін сынайтын байқау өткізу жоспарланған.
Қазіргі уақытта қару-жарақпен жабдықталған гуманоид роботтарды тікелей ұрыс қимылдарына пайдалану қарастырылып отырған жоқ.
Жапония Қорғаныс министрлігі 2027 қаржы жылына арналған бюджет жобасында әскери басқару жүйесіне жасанды интеллект енгізуді және ғарыштан жиналған ақпаратты талдайтын «тактикалық AI спутнигін» сынауды да жоспарлап отыр.