Дәрі бағасын басқа елдермен салыстыру пациентке не береді?
Неліктен бір дәрілік препараттың бағасы әр елде әртүрлі болуы мүмкін? Мемлекет өндіруші Қазақстан үшін мәлімдеген бағаның негізді екенінқалай анықтайды? Ең бастысы, дәріханаға дәріалуға келген қарапайым адам күрделі баға белгілеутетіктерінен қандай пайда көреді?Бұл туралы Newsroom.kz талдап көрді.
– Әсел, дәрі-дәрмек бағасын басқа елдерменсалыстыру не үшін қажет?
– Өндірушінің Қазақстан үшін мәлімдегенбағасы жеке қарастырылмайды. Бағаны тіркеукезінде өндіруші зауыт бағасын растайтынқұжаттарды: келісімшартты, инвойсты, кедендікдекларацияны, сондай-ақ препараттың референттікелдердегі құны туралы мәліметтерді ұсынады.
Салыстыру халықаралық бағалық бағдар алуғамүмкіндік береді. Біз препараттың басқасалыстырмалы нарықтарда қандай бағаменұсынылғанын көріп, бұл деректерді мәлімделгенқұнды бағалау кезінде пайдалана аламыз.
Бұл ретте шетелдегі бағаны сол күйінде алып, Қазақстанға көшіру туралы сөз болып отырған жоқ. Референттік баға белгілеу – бұл ең алдыменсалыстыру тетігі. Сонымен қатар референттік бағабелгілеу халықаралық тәжірибеде кеңіненқолданылатын құрал болып табылады.
– Бірақ елдердің экономикалық жағдайыәртүрлі. Қазақстанды қай елдермен салыстырудұрыс?
– Дәл осы себепті референттік елдер себетіқалыптастырылады. Елдерді іріктеудің негізгіөлшемі олардың Қазақстан Республикасыменмакроэкономикалық тұрғыдан салыстырмалылығыболды. Сондай-ақ Дүниежүзілік банктің жанбасына шаққандағы жалпы ұлттық табыстыңесептік деңгейі бойынша жіктемесіне сәйкесжоғары, ортадан жоғары немесе ортадан төментабысты елдер тобына жатуы және Халықаралыққайта құру және даму банкі кредит беретін елдерсанатына кіруі ескерілді.
Бүгінде мұндай елдер саны он: Әзербайжан, Беларусь, Болгария, Венгрия, Қырғызстан, Польша, Ресей, Словения, Түркия жәнеӨзбекстан.
Бұған дейін референттік елдер себеті кеңірекболып, оған 16 мемлекет кірген. 2024 жылғыжелтоқсанда баға белгілеу әдістемесіне енгізілгенбасқа да өзгерістермен қатар бұл тізім қайтақаралды.
Сонымен бірге Қазақстанның өзі де көршілеселдер үшін референттік ел болып табылатынынатап өткен жөн. Осылайша, Қазақстандағы бағаларбасқа елдердегі баға белгілеуге де әсер етеді.
– Айталық, препарат осы елдердіңбірнешеуінде сатылады. Бағдар ретінде қай бағаалынады: ең төменгі, орташа әлде ең жоғарыбаға ма?
– Мұнда нақты тетік қолданылады. Референттікелдердегі ең төмен үш баға анықталып, содан кейінолардың орташа мәні есептеледі. Дәл осы көрсеткіш өндіруші бағасымен салыстыру кезіндепайдаланылады. Бұл ретте мәліметтер халықаралықұйымдардың дерекқорларындағы ақпаратпенқосымша расталады.
Бұл маңызды өзгеріс. Бұған дейін ең төмен үшбағаның ішіндегі ең жоғары мән қолданылса, әдістеме қайта қаралғаннан кейін олардың орташамәні пайдаланыла бастады.
– Яғни Қазақстан шетелдегі препараттың еңжоғары бағасына бағдарланбайды ғой?
– Жоқ. Тетік ең төмен үш бағаның орташамәнін пайдалануды көздейді.
Бірақ бұл жерде шетелдік баға автоматты түрдеқазақстандық бағаға айналады деген түсінікқалыптаспауы керек. Референттік салыстыру – бағаны қалыптастыру кезеңдерінің бірі ғана.
Егер баға белгіленген талаптарға сәйкес келсе, ол тіркеледі. Одан кейін тіркелген бағаға көтермежәне бөлшек саудада өткізу үшін, сондай-ақТМККК және МӘМС шеңберінде регрессивтікшкала бойынша белгіленген үстемеақыларқолданылады. Осылайша шекті баға қалыптасады.
– Соңғы жылдары баға белгілеу жүйесіайтарлықтай өзгерді. Есептеу тәсілдерінденақты қандай өзгерістер болды?
– Өзгерістер кешенді сипатта болды. 2024 жылғы желтоқсанда есептеуден шығыстардыңбарлық түрлері алынып тасталды, референттікелдердегі ең төмен үш бағаның орташа мәніқолданыла бастады, регрессивтік шкала бойыншаүстемеақылар өзгертілді. Сонымен қатартүпнұсқалық препараттар мен генериктердіңбағаларын салыстыру, сондай-ақ ТМККК шеңберіндегі бағаны шекті көтерме бағаменсалыстыру енгізілді.
2025 жылы бұл тетік тағы бір талаппентолықтырылды: өндірушінің бағасын халықаралықұйымдардың деректері негізінде алынғанбағалармен салыстыру міндетті болды.
Яғни бүгінде бағаны бағалау кезінде бірденбірнеше ақпарат көзі пайдаланылады.
– Бұл формулалардың барлығы мамандарғатүсінікті. Ал өзгерістер қарапайым адамға не берді?
– Пациент үшін бұл, бәлкім, ең маңызды сұрақ. Жүйе жұмысының нәтижесін көру үшін адамғаформулаларды, референттік елдер себетін немесерегрессивтік шкалаларды түсінудің қажеті жоқ.
Тәсілдер өзгергеннен кейін көтерме-бөлшексауда сегментінде 3 801 сауда атауының немеседәрілік заттардың 76%-ының бағасы төмендеді. Орташа төмендеу 26,5%-ды құрады.
ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберінде 1 397 сауда атауының немесе 47,8%-ының бағасытөмендеп, орташа төмендеу 22,45%-ды құрады.
Тағы бір маңызды нәтиже бар. «СҚ-Фармация» ЖШС-нің дәрілік заттарды жаңа бағалар бойыншасатып алуы 85 млрд теңге бюджет қаражатынүнемдеуге мүмкіндік берді. Бұл қаражат басқадәрілік заттарды сатып алуға бағытталды.
Яғни күрделі есептеу жүйесінің артындатүсінікті міндет тұр – негізделген бағалардықалыптастыру және халық үшін дәрілік заттардыңқолжетімділігін арттыру.
– Сатып алушы препараттың қанша тұруыкеректігін өзі біле ала ма?
– Иә. Бағасы реттелетін дәрілік заттың шектібөлшек сауда бағасын DariKZ мобильдіқосымшасы арқылы өз бетінше тексеруге болады.Егер дәріхана бағасы реттелетін дәрілік заттыбелгіленген шекті бағадан жоғары бағамен сатса, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 426-бабына сәйкесәкімшілік жауапкершілік көзделген. Айыппұлмөлшері 70-тен 1000 АЕК-ке дейін құрайды.Ықтимал заң бұзушылық туралы DariKZ мобильдіқосымшасы арқылы хабарлауға немесе ҚазақстанРеспубликасы Денсаулық сақтау министрлігіФармация комитетінің аумақтық бөлімшелерінежүгінуге болады.
Осылайша, адам белгіленген шекті бағаныкөріп қана қоймай, оның ықтимал асып кету фактісіанықталған жағдайда бұл туралы хабарлай алады.
– Егер бүкіл тетікті бір сөйлемментүсіндірсек, Қазақстанға басқа елдердегібағаларға қарау не үшін қажет?
– Қазақстан үшін мәлімделген баға жекеқарастырылмай, халықаралық бағалық бағдарлардыескере отырып бағалануы үшін қажет.
Өндіруші бағаны құжаттармен растайды, олреференттік елдердегі және халықаралықұйымдардағы деректермен салыстырылады, белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайдатіркеледі. Одан кейін белгіленген үстемеақыларқолданылып, шекті баға қалыптастырылады.
Осы есептеулердің барлығының артында адамүшін шынымен маңызды мақсат тұр: дәрініңбағасы негізделген, оны қалыптастыру тетігі ашық, ал қажетті дәрілік препараттар халық үшінқолжетімді болуы тиіс.
Сондықтан басқа елдермен салыстыру – жайғана сандарды салыстыру емес. Бұл пациент дәріханадағы бағаны көргенге дейін-ақ препарат құнының негізділігін тексеруге мүмкіндік беретінқұралдардың бірі.