Теміртауда 19 жастағы жігітті көлік қағып кетті
Теміртауда 22 қыркүйек күні таңертең жол-көлік оқиғасы болып, 19 жастағы жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті. Оқиға реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде болған, деп хабарлайды Newsroom.kz.
Жол апаты сағат 07:30 шамасында Республика даңғылында тіркелген. Алдын ала мәлімет бойынша, Audi көлігінің тізгінінде 56 жастағы ер адам болған.
Қарағанды облысы Полиция департаментінің мәліметінше, жаяу жүргінші жолды көлік қозғалысы бағытымен оң жақтан сол жаққа қарай кесіп өткен. Осы кезде көлікпен соқтығысқан.
19 жастағы жәбірленуші медициналық мекемеге жеткізілді.
Аталған факт полицияда тіркелді. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Полиция жүргізушінің жаяу жүргіншіні қағуына себеп болған жағдайларды да анықтауда.