Елордада бір көшені кеңейтуге 89 млрд теңге жұмсалмақ
Былай тартсаң былай жетпейді, былай тартсаң былай жетпейді деген ел ішінде тамаша бір сөз тіркесі бар. Дәл осы тіркес дағдарыс уағында өте өзекті. Себебі әңгіме тек отбасының табысы ғана, елдің қазынасына да қатысты. Әріден тұспалдамай турасына көшсек, әкімдіктердің кейбір шығындары жұрттың көңілінен шықпай сынға ұшырап жатқан жайы бар. Мәселен биыл алматыда 10 қоғамдық дәретхана көшелерге қойылмақ. Әрқайсының құны 10 млн теңгеден. Бұдан сәл бұрын Павлодар жұрты шулаған болатын. Жергілікті билік Абай көшесін Абай тойына тарту болсын, жөндеп қояйық, - депті. Жолдың жөнделгені жақсы бірақ, келесі жылы осы көшенің жылу құбырлары ауыстырылады. Қайта қазып тастайды деп жұрттың ренжігені рас. Әйтеуір әкімдік алдағы 5-6 жылсыз ол құбыр салынбайды деп сендірген соң ғана тұрғындар сабасына түсті. Айта берсек осы сарындағы түйткілдер көп. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Ендігі әңгіме Астанадағы Қабанбай даңғылы мен Экспо қалашығына қатысты. Елордадағы «Қабанбай батыр» даңғылын кеңейтуге 89 млрд теңге жұмсалмақ! 89 миллиардтың сиқыры сол, 4 жолақты көше - 8 жолақтыға айналады. Реконструкция жұмыстары шамамен 3 жыл уақыт алмақ. /ГР 2 жолақты 8 ге айналады/ "ҚАЗАВТОЖОЛ" КОМПАНИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ ЕРІК КЕРІМҚҰЛОВ , "ҚАЗАВТОЖОЛ" КОМПАНИЯСЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: «Қабанбайдың бойында күнде кептеліс екенін ескерсек, бұл жаңалыққа Астаналықтар қуанған шығар. Әсіресе, көлігі барлар». «Алайда дәл қазір одан басқа кеңейтетін дүниелер бар. Мысалға дағдарыстан тынысы әбден тарылған бизнес, халықтың тұрмысы деген сияқты мәселелер маңыздырақ», - дейді кей қоғам белсенділері. САМАТ НҰРТАЗА, САЯСАТТАНУШЫ: 189 млрд теңгені жолды кеңейтуге жұмсау менің ойымша сәл артықтау. Себебі коронавирус дерті асқынып тұр. Талай адам жұмыссыз қалды. Сондықтан менің ойымша Нұр-Сұлтан қаласында басқа да проблемалар жеткілікті. Баспана мәселесін шешіп алмағандар, жалғыз басты аналар. Десе де, бас қаланың билігіне бәрінен бұрын шаһардың әсемдігі мен көркемдігі маңызды көрінеді. Қабанбайды қойып, кезінде 2 млрд теңге жұмсап тұрғызған «Экспо қалашығы» да күтіп баптауға мұқтаж екен. Әкімдіктегілер оның айналысын аббаттандырып, гүл екпек. Оған млрд жұмсамаса да млндар кеткелі тұр!».