Қазақстан құрамасы Азиада-2026-ны үш медальмен бастады
Қазақстан құрамасы Азиада-2026 ойындарындағы алғашқы жарыс күнін нәтижелі бастады. Ел қоржынына екі алтын және бір қола медаль түсті, деп хабарлайды Newsroom.kz.
Қазақстанның алғашқы медалін триатлоншы Арлан Жанабай жеңіп алды. Ол ерлер арасындағы жеке сайыста үшінші орын алып, қола жүлдеге ие болды.
Ал Қазақстанға алғашқы алтынды шосседегі велоспорттан Рината Сұлтанова әкелді. Ол әйелдер арасындағы жеке уақытқа жарыста топ жарып, мәреге бірінші болып жетті. Қазақстандық спортшы Қытай өкілінен 4,86 секундқа озып кетті.
Кейін ерлер арасындағы жеке уақытқа жарыста Алексей Луценко жеңіске жетті. Осылайша қазақстандық велошабандоз Азиада ойындарының бес дүркін чемпионы атанды.
Луценко үшін бұл Азия ойындарындағы бесінші алтын медаль. Ол бұған дейін жеке уақытқа жарыста 2014, 2018 және 2022 жылдары чемпион атанған. Сондай-ақ 2018 жылы топтық жарыста алтын жүлде алған.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Азиада-2026 ойындарында бірнеше спорт түрінен сынға түсіп жатыр. Жарыс Жапонияның Айти-Нагоя қалаларында өтіп, 4 қазанға дейін жалғасады.