Кадрлар

⁠Конституциялық Сот төрағасы қайта тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Эльвира Әбілхасымқызы Азимова Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының төрағасы лауазымына қайта тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады, деп хабарлайды Newsroom.kz.

Эльвира Әбілхасымқызы Азимова 1973 жылғы 15 ақпанда дүниеге келген. Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «Халықаралық заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Шымкент қаласындағы ішкі істер бөлімінде бастаған. Кейін Әділет министрлігінде халықаралық-құқықтық қамтамасыз ету саласында түрлі қызметтер атқарған.

Азимова Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның және Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі болған.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Конституциялық Соттың төрағасы қызметін атқарып келеді. 

Бүгін Мемлекет басшысы Конституциялық Сот, Орталық сайлау комиссиясы және Жоғары аудиторлық палата басшыларына қатысты бірқатар кадрлық шешім қабылдады.