weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Бүгін, 12:30 / Admin / Аймақтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

⁠Зайсан көлінде екі балықшы суға батып кетті

Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданындағы Зайсан көлінде екі балықшы суға батып, оларды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Newsroom.kz.
 

⁠Зайсан көлінде екі балықшы суға батып кетті
Фото: Ашық деректер көзі

Оқиға Тұғыл ауылдық округі аумағында болған. Үш ер адам балық аулау үшін көлге шыққан. Қатты жел салдарынан қайық аударылып кеткен. Үш балықшының бірі, 1968 жылы туған 58 жастағы ер адам өздігінен жағаға жүзіп шыққан. Оған жергілікті тұрғындар көмектескен. Ал 1968 және 1995 жылы туған екі ер адам суға кеткен.

Құтқарушылардың мәліметінше, балықшылардың үстінде құтқару кеудешелері болмаған. Бұған дейін өңірде дауылды ескерту жарияланған.

Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖД күштері мен құралдары, катерлер, қайықтар, ұшқышсыз ұшу аппараттары және суасты дроны жұмылдырылған. Іздеуге жергілікті тұрғындар да қайықтарымен қатысып жатыр.

18 қыркүйектегі мәлімет бойынша, екі балықшыны іздеу жұмыстары бірнеше тәуліктен бері жалғасып жатыр. Құтқарушыларға қолайсыз ауа райы қиындық келтіруде. 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→