Шоубиз

Экс-жұбайына тіл тигізген актерге жаза тағайындалды

Алматы облысының Қарасай аудандық соты актер Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты істі қарады. Сот шешімімен ол 2 жыл 3 айға сотталды.Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.

Іс бұрынғы жұбайы Фариза Алмасқызына қатысты ар-намысына тиетін балағат сөздер айтқаны, сондай-ақ өз балаларын және экс-жұбайының отбасы мүшелерін қорлайтын сөздер қолданғаны жөніндегі шағымдар негізінде қаралған.

Сот үкімі бойынша актер 5 жыл бойы әлеуметтік желілерді пайдалана алмайды. Сонымен қатар ол бұрынғы жұбайына 5 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді.


Бұған дейін Фариза Алмазқызының экс-жұбайымен соттасып жатқаны туралы ақпарат бірнеше рет жарияланған. Ақпан айында ол адвокатпен байланыста екенін көрсетіп, кейін Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты шағым түсіретінін мәлімдеген.