ЗжТ

Қыздарға тиісіп, жұрттың мазасын алған: Қосшыда ер адам жазаланды

Қосшы қаласындағы сауда үйлерінің бірінде мас күйдегі ер адам келушілерге балағат сөз айтып, қыздарға тиісіп, қол жүгірткен. Оқиға 12 қыркүйекте болған.Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.

Куәгерлердің айтуынша, ер адам қоғамдық орында өзін дөрекі ұстап, айналасындағыларды балағаттаған. Сонымен қатар бірнеше қызға тиісіп, қол жұмсауға әрекет жасаған.

Оқиға орнына полиция шақырылған. Тәртіп сақшылары 34 жастағы ер адамды ұстап, полиция бөліміне жеткізді.

Құқық бұзушының әрекеті бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, сот шешімімен ол 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.