Жаңалықтар

Kaspi.kz-те енді жол ережесін бұзу видеосын көруге болады

Kaspi.kz мобильді қосымшасында жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі бойынша бейнежазбаны сұратуға мүмкіндік пайда болды.Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.

Ол үшін қосымшадағы тиісті айыппұлды ашып, «Бұзушылық бейнежазбасын сұрату» батырмасын басу қажет.

Өтінішті мемлекеттік орган бір жұмыс күні ішінде қарайды. Бейнежазба дайын болған кезде қолданушыға хабарлама келеді.

Дайын бейнежазба қосымшада жеті күн бойы сақталады. Осы мерзім өткеннен кейін қажет болған жағдайда оны қайта сұратуға болады.

Алайда 2026 жылғы 11 тамызға дейін төленген айыппұлдар бойынша бейнежазбалар қолжетімсіз.