Кадрлар

Атырау әкімі Шәкір Кейкін қызметінен өз еркімен кетті

Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкін қызметінен кетті. Бұл ақпаратты Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі растады. Кейкін қызметінен өз еркімен кеткен.Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды. 

Шәкір Кейкін Атырау қаласының әкімі қызметіне 2023 жылғы шілдеде тағайындалған. Оған дейін Сауда және интеграция министрлігінің Сауда департаментін басқарған. Сондай-ақ ол Мақат ауданының әкімі, Атырау қаласы әкімінің орынбасары және бірқатар мемлекеттік қызметтерде жұмыс істеген. 

Кейкіннің қызметтен кету себебі әзірге нақты айтылған жоқ. Атыраудың жаңа әкімі кім болатыны да әзірге белгісіз. 

Айта кетейік, биыл Атырау қаласы әкімдігінің бірнеше лауазымды қызметкеріне қатысты қылмыстық істер бойынша тергеу жүргізілген. Маусым айында қала әкімінің орынбасары Мейіржан Мұқасовтың ұсталғаны туралы ақпаратты ҰҚК растаған. Кейін қала әкімінің міндетін атқарушы Тіләк Махуовқа қатысты да сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқаны хабарланған. Алайда Шәкір Кейкіннің бұл істер бойынша күдікті немесе айыпталушы екені туралы ресми ақпарат жоқ.