Қылмыс

Жамбыл облысында полиция 438 келі марихуана тәркіледі

Жамбыл облысында есірткі өсіріп, дайындаумен айналысқан деген күдікпен 40 жастағы Тараз тұрғыны ұсталды. Күдіктінің бұған дейін бірнеше рет сотталғаны анықталды.Бұл туралы Жамбыл облысы Полиция департаментінің мәліметіне сілтеме жасап Newsroom.kz хабарлайды.

Полиция қызметкерлері ірі есірткі плантациясын дрондардың көмегімен анықтаған. Арнайы операция барысында күдіктінің 50 түп сора өсімдігі, 438 келі марихуана, сондай-ақ есірткіні дайындауға арналған жабдықтар мен орау материалдары тәркіленді.

Сонымен қатар одан қару мен жол талғамайтын көлік алынған.

Күдікті кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта полиция есірткі қылмысына қатысы болуы мүмкін басқа да адамдарды анықтап жатыр.