Жаңалықтар

"Бетке күліп жүріп, сырттан басқа әңгіме айтқанына таңғалдым": Сиви өзін әнші емес деген Керімбековаға жауап берді

"Бетке күліп жүріп, сырттан басқа әңгіме айтқанына таңғалдым": Сиви өзін әнші емес деген Керімбековаға жауап берді

Сиви Махмұди біраз уақыт өткенде әріптесі Ақбота Керімбекова жайлы ойын айтты. Бұған дейін ерімбекова Сивиді әнші ретінде мойындамайтынын ашық айтқан еді. Бұған өнердегі сіңлісі ренжулі екен.

Бұған дейін Ақбота Керімбекованың Сивиді әнші деп мойындамаймын деген сұхбатын жариялаған едік. Керімбекован Сиви Махмұдиді, Абай Бегейді, Асхат Тарғынды нағыз әнші деп мойындамайтынын айтқан болатын. Бұған Сиви ханымның айтары бар. "Мен бұл сұхбатты көрдім. Мен ғана емес, ата-анам бәріміз көрдік. Көрдік те қатты таңғалдық. Әрине, жүрегіме ауыр тиді. Себебі ол кісімен тойда да, қуанышта да бәрінде бірге жүретінбіз. Құттықтасып, жақсы араластық. Отбасымызбен араластық. Сондықтан ата-анам да неге олай айтты деп таңғалдық. Неге бетіме емес, сыртымнан ондай әңгіме айтты деп ойландық", - деді Махмұди Керек кісі арнасына бірген сұхбатында. Сивидің айтуынша, Керімбекова жақсы араласып жүріп, жүрегіне қанжар сұққандай болған. "Менің негізі өкпем жоқ. Ол кісі өнерде салмағы үлкен әнші ғой. Мен туралы айтып жатқанынының өзі менің жай адам емес екенімді білдіреді, керісінше шабыт қосады. Димаш пен Қайратты да салыстырып жатты ғой бір кезде. Әнші, әнші емес деп бөлді. Бұл да сол сияқты. Бірақ жақсы араласып жүрген адамның бетке күліп, сырттан басқаша әңгіме айтқаны ауыр тиді. Адамгершілігі қайда қалды деп ойладым", - деді Сиви. Керімбекова сұхбатында Сивиді әнші ретінде мойындамайтынын айтқан еді. Алайда мұның адамгершілік жағына еш қатысы жоқ деп атаған болатын. Яғни, Сиви адамгершілігі жақсы, араласуға жақсы деп атады. Ал нағыз әнші ретінде көрмейтінін Сиви ханым түсіне қоймаған секілді. Ақпарат: Stan.kz порталынан