Қылмыс

КНБ көлік саласындағы екі шенеуніктің ұсталғанын хабарлады

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі көлік саласындағы екі лауазымды тұлғаны ұстады. Оларға кәсіпкерлерден 40 миллион теңгеден асатын материалдық сыйақы алған деген күдік келтіріліп отыр.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі көлік саласындағы екі шенеунікті ұстады. Оларға кәсіпкерлерден 40 миллион теңгеден асатын материалдық сыйақы алған деген күдік келтіріліп отыр.

Тамыз айында прокуратураның үйлестіруімен қызметкерлер Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көлік бақылау комитеті төрағасының орынбасарын және Ақмола облысы бойынша көлік бақылау инспекциясы басшысының орынбасарын ұстаған.

Олар рұқсат етілген салмақ нормасынан асып кеткен жүк тиелген көлік құралдарының кедергісіз өтуін қамтамасыз етуге қатысты заңсыз әрекетке қатысы бар деген күдікке ілінді.

Тергеу дерегінше, кәсіпкерлерден алынған материалдық сыйақының жалпы сомасы 40 миллион теңгеден асқан.

Сот санкциясымен ұсталғандар қамауға алынды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.