Қылмыс

Батыс Қазақстанда мас жүргізуші екі әйелді қағып, оқиға орнынан қашқан

Батыс Қазақстан облысының Круглоозерное ауылында жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан бір әйел қаза тапты. Lada Priora көлігінің жүргізушісі екі жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан кетіп қалған, деп хабарлайды Newsroom.kz NUR.KZ-ке сілтеме жасап.
 

Оқиға салдарынан әйелдердің бірі алған жарақаттарынан көз жұмған. Екіншісі ауруханаға жеткізілді.

Полицияның мәліметінше, жол-көлік оқиғасынан кейін жүргізуші ұсталып, қамауға алынған. Сараптама оның апат кезінде мас болғанын көрсеткен.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Іс Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Әлеуметтік желілерде жол апатынан зардап шеккендердің анасы мен қызы болуы мүмкін деген ақпарат тараған. Алайда бұл мәліметті полиция ресми түрде растаған жоқ.

Тергеу мүддесіне байланысты істің өзге мән-жайлары жарияланбайды