Әлем

⁠Жойқын торнадо: Францияда ондаған адам жарақат алды

Францияның Помас коммунасында 24 тамызда болған жойқын торнадоның жаңа кадрлары жарияланды. Бейнебақылау камераларына түсіп қалған видеолар табиғи апаттың елді мекенді бірнеше минут ішінде басып өткенін көрсетеді, деп хабарлайды Newsroom.kz.
 

Желіде тараған кадрлардан қатты желдің үйлер мен басқа да нысандарға қалай әсер еткенін көруге болады. Торнадо елді мекенде айтарлықтай қирау мен шығын келтірген.

Табиғи апат салдарынан 300-ге жуық үй зақымданып, ондаған адам жарақат алған.

Жарияланған видеолар торнадоның қаншалықты жылдам әрі жойқын болғанын көрсетеді. Қуатты жел бірнеше минуттың ішінде елді мекеннің бірқатар бөлігін басып өтіп, тұрғындарға айтарлықтай қиындық туғызған.

Қазір табиғи апаттан кейінгі шығын көлемін бағалау және зақым келген нысандарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.