Білім

Мұғалімдерге кешкі 18:00-ден кейін хабарласуға болмайды

Мұғалімдер кешкі сағат 18:00-ден кейін ата-аналардың хабарламаларына жауап бермеуі керек. Мұны Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді. Бұл туралы Newsroom.kz Stan.kzке хабарлайды.

Министрдің айтуынша, ата-аналар мектеп чаттарында сұрақтарын сағат 18:00-ге дейін қоюына болады. Ал одан кейін педагогтердің жеке уақытына құрметпен қарау қажет.

«18:00-ден кейін әр мұғалімнің жеке өмірі бар және оны құрметтеу қажет», – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Алайда қазіргі таңда бұл талап заңмен нақты бекітілмеген. Яғни мұғалімдердің дәл сағат 18:00-ден кейін ата-аналардың хабарламасына жауап бермеуі туралы жеке норма жоқ.

Сонымен қатар биыл «Педагог мәртебесі туралы» заңға өзгерістер енгізіліп, мұғалімдердің міндеттері нақтыланған.

Министрліктің ұстанымынша, ата-аналармен байланыс кезінде педагогтің жұмыс уақыты мен жеке өмірінің шекарасын сақтау маңызды.