Бағаның өсуіне Ормуз бұғазындағы кеме қатынасының күрт төмендеуі себеп болып отыр. Соңғы он күнде бұл бағытпен тәулігіне орта есеппен шамамен 10 тауар кемесі ғана өткен.
Ормуз бұғазы арқылы әлемдік мұнай жеткізілімінің шамамен бестен бірі тасымалданады. Сондықтан сарапшылар әскери шиеленіс жалғасып, тасымал шектелсе, мұнай бағасы одан әрі өсуі мүмкін деп отыр.
Қазақстан үшін мұнай бағасының қымбаттауы экспорттық кірістердің өсуіне оң әсер етуі мүмкін. Алайда энергия бағасының ұзақ уақыт жоғары болуы жанармай мен басқа да тауарлардың қымбаттауына ықпал етуі ықтимал.