weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қытайда алапат су тасқыны болды

Қытайдың оңтүстік-шығысындағы Фуцзянь провинциясында нөсер жауыннан кейін су тасқыны болып, тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Newsroom.kz.

Қытайда алапат су тасқыны болды
Фото: Видео үзіндіден

Табиғи апатқа «Саудель» тайфуны әсер еткен. Жауыннан көшелерді су басып, өзендер арнасынан тасқан. Кейбір елді мекендерде су үйлердің бірінші қабатына дейін жеткен. 

Билік Фуцзяньда 83 мыңнан астам адамды эвакуациялаған. Бірқатар өңірде мектептер жабылып, көлік қатынасы уақытша тоқтатылды. 150-ден астам туристік нысан да жұмысын тоқтатқан. 

Құтқару қызметтері су басқан аудандарда тұрғындарды эвакуациялап, жолдарды тазарту және суды сору жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мамандар нөсер жаңбырдың салдарынан сел, лай көшкіні және өзендердің тасу қаупі сақталатынын ескертті. 

БҰҰ мен Еуропалық комиссияның апаттарды үйлестіру жүйесі Қытайдағы су тасқынынан зардап шеккендер саны 317 мыңнан асқанын көрсетеді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→