Тоқаев Алматы облысының әкімін қызметінен босатты
Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі қызметінен босатылды. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
Марат Сұлтанғазиев бұл қызметті 2022 жылдың маусымынан бері атқарып келді. Сол жылдың желтоқсанында Президент Жарлығымен Алматы облысының әкімі қызметіне қайта тағайындалған.
Еңбек жолын 1997 жылы салық органдарында бастаған. Әр жылдары Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментін басқарды, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болды.
2021 жылдың мамырынан 2022 жылдың қаңтарына дейін Қаржы вице-министрі, ал 2022 жылғы қаңтар-маусым аралығында Қаржы министрінің бірінші вице-министрі қызметін атқарды.
2019 жылы Марат Сұлтанғазиев «Құрмет» орденімен марапатталған.