Ақмола облысында футболшы матч кезінде көз жұмды
Ақмола облысының Атбасар қаласында ардагерлер арасында өткен футбол турнирі кезінде 58 жастағы астаналық футболшы қайтыс болды. Оқиға «Локомотив» стадионында болған. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.

Ашық турнир 29–30 тамыз күндері 55 жастан асқан ардагерлер арасында ұйымдастырылған.
Матч кезінде 58 жастағы ер адамның жағдайы күрт нашарлап, жүрегі тоқтаған. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылып, дәрігерлер реанимациялық шаралар жүргізген. Медиктер оның жүрек қызметін қалпына келтіргенімен, кейін ер адам қайтыс болған.
Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, турнирге қатысушылардың барлығы жарысқа қатысуға медициналық рұқсат алған.
Оқиға бойынша полиция тексеру жүргізіп жатыр. Оның нәтижесі бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.