Кадрлар

Кімдер орнында қалды? Тоқаев қайта тағайындаған министрлер тізімі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар министрді қайта тағайындап, олардың қызметін сақтап қалды. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова өз қызметінде қалды. Ол бұл лауазымды 2024 жылғы ақпаннан бері атқарып келеді. 

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова да қайта тағайындалды. Ол министрлікке 2025 жылғы қыркүйекте келген болатын. 

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев қызметін жалғастырады. Президенттің тиісті жарлығы 3 қыркүйекте жарияланды. 

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов те орнында қалды. Оның қайта тағайындалғаны туралы жарлықты Мемлекет басшысы 3 қыркүйекте қабылдады. 

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов те қызметін сақтап қалды. Ол осы министрлікті 2023 жылғы қыркүйектен бері басқарып келеді. 

Ал Сауда және интеграция министрі Арман Шаккалиев те жаңа Үкімет құрамында жұмысын жалғастырады. Оның қайта тағайындалғаны туралы да президенттің жарлығы шықты. 

Үкіметтегі вице-премьерлердің басым бөлігі де қызметтерін сақтап қалды. Олардың қатарында Серік Жұманғарин, Жаслан Мәдиев және Қанат Бозымбаев бар. Жұманғарин вице-премьер – Ұлттық экономика министрі, Мәдиев вице-премьер – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі, ал Бозымбаев премьер-министрдің орынбасары қызметін жалғастырады.