Шоубиз

⁠Димаштың тосын кадрлары: Президенттің тазылары мен сәйгүлігі

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген Қазақ тазылары күніне орай бұрын жарияланбаған суреттерін бөлісті. Кадрларда өнер иесі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тазылары және сәйгүлігімен бірге көрінеді. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
 

Димаш жариялаған суреттердің бірінде Президенттің Нэнси және Наурыз атты тазыларымен бірге түскен. Ал басқа кадрда әнші Президенттің сәйгүлігіне мініп отырғанын көруге болады. Оның айтуынша, бұл ат — көпшілікке белгілі Ақжанның әкесі.

Өнер иесі бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзіне тазы сыйлағанын да еске салды. Димаш төрт аяқты серігін «Ғарышкер» деп атаған.

Әнші Президент сыйлаған тазы туралы алғаш рет 2024 жылы жариялаған болатын. Сол кезде Димаш «Ғарышкердің» өзінің сенімді серігіне айналғанын айтып, қазақ халқының тазыны ежелден ерекше қадірлегенін атап өткен. 

Айта кетейік, қазақ тазысы Қазақстанның ұлттық мұрасының маңызды символдарының бірі саналады. Димаштың жаңа жарияланымы әлеуметтік желіде ұлттық құндылықтарға деген қызығушылықты тағы да арттыра түсті.