Лаос Президенті Қазақстанға келді: негізгі мақсат қандай?
Лаос Халықтық-Демократиялық Республикасының Президенті Тхонглун Сисулит Қазақстанға ресми сапармен келді. Жоғары мәртебелі қонақты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы Тәуелсіздік сарайында қарсы алды. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
Ресми қарсы алу рәсімі барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тхонглун Сисулит ресми делегация мүшелерін бір-біріне таныстырды.
Одан кейін Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берді. Рәсім кезінде Қазақстан мен Лаостың мемлекеттік әнұрандары орындалды.
Тхонглун Сисулиттің Қазақстанға сапары ресми форматта өтіп жатыр. Биыл Лаос Шанхай ынтымақтастық ұйымының диалог бойынша 15-ші серіктесі мәртебесіне ие болды.
Сапар аясында Қазақстан мен Лаос арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқылануы күтіледі. Президенттердің келіссөздері Астанада өтеді.