Кадрлар

⁠Нұрлан Сауранбаев Көлік министрі болып қайта тағайындалды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Нұрлан Сауранбаев Қазақстан Республикасының Көлік министрі болып тағайындалды.Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
 

Бұған дейін Нұрлан Сауранбаевтың кандидатурасын Қазақстан Республикасы Құрылтайының Өңірлік және инфрақұрылымдық даму комитеті министр лауазымына тағайындауға келіскен болатын. 

Нұрлан Сауранбаев 1967 жылы 20 мамырда дүниеге келген. Алматыдағы №30 мектепті және С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Саяси экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған. 

Еңбек жолында ол теміржол және мұнай-газ салаларындағы ұлттық компанияларда қызмет атқарған. Сондай-ақ Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі, Қорғаныс министрінің орынбасары, Шымкент қаласының әкімі және Президент Әкімшілігінде жауапты қызметтер атқарды. Бұған дейін «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болған.