Тоқаев бірқатар кадрлық өзгеріс жасады: үш тағайындау
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы бірқатар мемлекеттік лауазымдарға қатысты кадрлық шешімдер қабылдады. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
Дәурен Қосанов Қорғаныс министрі қызметін сақтап қалды. Ол бұл ведомствоны 2025 жылғы 8 маусымнан бері басқарып келеді. Косанов — авиация генерал-лейтенанты. Бұған дейін Қарулы күштердің Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы қызметін атқарған.
Ержан Саденов те Ішкі істер министрі қызметінде қалды. Ол ІІМ-ді 2023 жылдың қыркүйегінен бері басқарып келеді.
Сонымен қатар Ермек Маратович Абдраманов Президент Іс басқарушысының орынбасары болып тағайындалды. Тиісті өкімге Мемлекет басшысы қол қойған. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап Kazinform хабарлады.
Кадрлық өзгерістер Үкіметтің жаңа құрамын қалыптастыру кезеңінде жүзеге асып жатыр. Премьер-министр қызметіне бұған дейін Олжас Бектенов қайта тағайындалған болатын.