Сервис жол-көлік оқиғасы, жарақат немесе басқа да шұғыл жағдайларда әсіресе маңызды. Азамат жүйеде үш сенімді адамға дейін көрсете алады. Төтенше жағдайда сол адамдарға науқастың шұғыл медициналық көмекке жүгінгені туралы хабарлама келеді.
Жаңа мүмкіндік eGov-тың денсаулық сақтау саласындағы цифрлық сервистерін кеңейтуге бағытталған. Қазір қазақстандықтар eGov арқылы медициналық анықтамалар алып, дәрігер қабылдауына онлайн жазыла алады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша eGov Mobile қосымшасын 11,7 миллионнан астам қазақстандық пайдаланған. (eGov.kz)
Жаңа сервис азаматтың өзі қиын жағдайда байланысқа шыға алмаған кезде жақындарының жағдайдан дер кезінде хабардар болуына мүмкіндік береді.