Олжас Бектенов қайтадан Қазақстан Премьер-министрі болып тағайындалды
Құрылтай депутаттары Олжас Бектеновтің Премьер-министр қызметіне кандидатурасын қолдады. Осылайша ол Қазақстан Үкіметін қайта басқаратын болды, деп хабарлайды Newsroom.kz.
Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кездесіп, жаңа Конституцияның 46-бабына сәйкес Бектеновтің кандидатурасы бойынша консультация өткізген еді.
Талқылауға «Әділет», «Ауыл», Respublica, «Ақ жол» және Жалпыұлттық социал-демократиялық партия фракцияларының жетекшілері қатысты.
Құрылтай депутаттарының қолдауынан кейін Олжас Бектенов Премьер-министр қызметіне қайта тағайындалды.
Бектенов Үкіметті 2024 жылғы ақпаннан бері басқарып келеді. 2026 жылғы 28 тамызда жаңа Құрылтай сайланғаннан кейін оның Үкіметі Мемлекет басшысының алдында өкілеттігін тоқтатқан болатын. Жаңа құрам бекітілгенге дейін Үкімет өз міндеттерін атқаруды жалғастырды.
Бектеновтің Үкімет басшысы ретіндегі қызметі жаңа Конституция күшіне енгеннен кейінгі мемлекеттік басқару жүйесіндегі жаңа кезеңмен тұспа-тұс келіп отыр. Премьер-министр бұған дейін жаңа Конституцияны іске асыру шараларын талқылаған Үкімет отырысын өткізген.