Қазақстан Үкіметі өкілеттігін тапсырды
Мемлекет басшысы Қазақстан Үкіметі туралы жарлыққа қол қойды. Құжатқа сәйкес, Үкімет жаңа құрам бекітілгенге дейін міндетін атқара береді.
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Жарлыққа қол қойды.
Жарлық Қазақстан Республикасы Конституциясының 69-бабының 1-тармағына және «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңның 4-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі өкілеттігін тапсырғанына байланысты қабылданды.
Құжатта Үкіметке жаңа құрам бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыру жүктелген.
Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.