Жаңалықтар

Құрылтайда сегіз тұрақты комитеттің төрағалары сайланды

Құрылтай отырысында сегіз тұрақты комитет құрылып, олардың төрағалары сайланды. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
 

Комитет төрағалары:

•⁠  ⁠Серік Егізбаев — аграрлық мәселелер, экология және табиғи ресурстар;
•⁠  ⁠Унзила Шапақ — конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары;
•⁠  ⁠Марат Қожаев — халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік;
•⁠  ⁠Амирбек Оспанбеков — өңірлік және инфрақұрылымдық даму;
•⁠  ⁠Асхат Аймағамбетов — әлеуметтік-мәдени даму;
•⁠  ⁠Ольга Перепечина — қаржы және бюджет;
•⁠  ⁠Дархан Ахмедиев — цифрландыру, инновациялар және ғылым;
•⁠  ⁠Наталья Годунова — экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика.

Осылайша, жаңа бір палаталы Парламентте негізгі бағыттар бойынша тұрақты комитеттердің құрамы жасақталып, олардың жұмысына жауапты төрағалар анықталды.