weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

БАО маңында тас құлады: зардап шеккендер жоқ

Алматы маңындағы Іле-Алатауы ұлттық паркінің аумағында, Үлкен Алматы көліне жақын жерде тас құлауы болды. Оқиға сәті әлеуметтік желіде тараған видеоға түсіп қалған. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.

БАО маңында тас құлады: зардап шеккендер жоқ
Фото: Әлеуметтік желіден

Оқиға 25 тамыз күні сағат 14:00 шамасында, шамамен 2500 метр биіктікте болған. Құлаған тастар жолға жетпеген. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер мен қираған нысандар жоқ.

«Қазселденқорғау» мамандары аумақты тексеріп, тас құлауы тау беткейінің жартасты бөлігінен болғанын анықтады.

Мамандардың мәліметінше, бұған тау жыныстарының табиғи үгілуі, температураның өзгеруі және жауын-шашын әсері себеп болуы мүмкін.

Әлеуметтік желідегі кадрларда тау баурайынан төмен қарай тастардың құлап, айналаны шаң басқан сәті көрінеді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→