Президент Құрылтайдың негізгі міндеттерін атады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайдың алғашқы сессиясында жаңа органның негізгі міндеттерін атады, деп хабарлайды Newsroom.kz.
Мемлекет басшысы Құрылтай алдында бірқатар маңызды заңнамалық жұмыс тұрғанын атап өтті. Олардың қатарында:
• жаңа Конституцияға сәйкес заңнаманы қайта қарау;
• заң шығару сапасын арттыруда жасанды интеллектіні қолдану;
• «E-Parliament» жүйесін Құрылтай жұмысына бейімдеу;
• цифрлық активтер мен жасанды интеллектіні дамытуға қатысты заңдар қабылдау;
• «Алтын виза» тетігін енгізу және көші-қон саясатын жетілдіру;
• ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау жүйесін күшейту;
• 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерге тіркелуіне тыйым салу мәселесін қарау;
• баламалы энергетиканы дамыту;
• онлайн-платформалар мен масс-медиа саласында азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту.
Сонымен қатар Президент Құрылтай қоғамдағы өзекті мәселелерге дер кезінде жауап беретін жалпыұлттық диалог алаңына айналуы қажет екенін айтты.