Немересіне Бергей есімін берген атыраулық ақсақалдың басы дауға қалды

Немересіне Бергей есімін берген атыраулық ақсақалдың басы дауға қалды

ашық дереккөзі

Атырау облысында балаларды қорғау күнінде дүние есігін ашқан нәрестеге Бергей есімі берілген. Жас отбасының бірнеше жыл бойы күткен перзентіне бұл есімді атасы Мекемтас қойыпты. Ақсақалдың бұл таңдауына айналасындағылар таңданыспен қарап, көп сұрақ туындаған соң, ол Kyn.kz басылымына арнайы сұхбат берген, - деп хабарлайды NewsRoom+ KAZ.NUR.KZ. ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. «Басым дауға қалса да өз таңдауымды қорғап шықтым» деген қария ағынан жарылды. "Біз Бергейімізді бес жыл күттік. Бұл айтарлықтай көп уақыт емес шығар. Бірақ, біз тұңғыш немеремізді балалар бас қосқан сәттен бастап күтетін әдетіміз ғой. Отбасылық қуанышымыз балаларды қорғау күнімен тұспа-тұс келгеніне өте қатты қуандық. Әрине, көпшілік есімі ерекше екен деп жатыр. Бұл есімді жайдан-жай қойғаным жоқ. Облысымыздың бұрынғы әкімінің аты екені жасырын емес. Ол кісіні өңірге сіңірген еңбегі үшін, қарапайым халыққа жасаған жақсылығы үшін сыйлаймын. Екіншіден, бес жыл күткен немереме жаратушым бар шапағаты мен жақсылығын Бергей деймін. Әрі осы баламның соңынан тағы ұрпағым жалғасып, Алла көптеп ұрпақ Бергей деген тілегім де бар. Бұл есімді таңдаған кезімде таңданыспен қарап, дауласқандар да болды. Себебі, құдалар, келіннің ата-анасы өз ұсыныстарын өткізбек болып сөз таластырып қалдық. Бірақ мен өз таңдауымды әлім жеткенше қорғап шықтым. Дегенім болды», — дейді Мекемтас ақсақал. Айта кетерлігі, Атырау облысы мен Ақтөбенің өзінде 300-ден астам жаңа туған нәрестеге ата-анасы бұрынғы саясаткердің есімін берген.

Жүктелуде...