weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
25 тамыз, 2026 / Шұғыла Амангелді / Sportroom
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Тоқаев FIBA президентін «Достық» орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік сарайында Халықаралық баскетбол федерациясының (FIBA) президенті шейх Сауд Али Әл-Тәнимен кездесті, деп хабарлайды Sportroom.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Тоқаев FIBA президентін «Достық» орденімен марапаттады
Фото: Aqorda

Кездесу барысында Президент FIBA-ның Қазақстан баскетболын дамытуға көрсетіп келе жатқан қолдауын жоғары бағалап, ұйым басшысына Қазақстан Ұлттық баскетбол федерациясының отырысына қатысқаны үшін алғыс айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев биыл отандық баскетбол тарихына 100 жыл толғанын атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, бүгінде баскетбол балалар мен жастар арасында кеңінен танымал спорт түрлерінің біріне айналды. Қазақстаннан әлем чемпионаттары мен Олимпиада ойындарында өнер көрсеткен белгілі баскетболшылар шыққанын да тілге тиек етті.

Президент елімізде 3×3 форматындағы баскетболға қызығушылық артып келе жатқанына ерекше назар аударды. Тараптар бұқаралық және кәсіпқой баскетболды дамыту, спорттық резерв даярлау және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Өз кезегінде Сауд Али Әл-Тәни Қазақстанда баскетболға көрсетіліп жатқан қолдау үшін ризашылығын білдіріп, FIBA-ның спорттың осы түрін одан әрі дәріптеуге бағытталған жоспарларымен бөлісті.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы баскетболды дамытуға қосқан үлесі үшін FIBA президенті шейх Сауд Али Әл-Тәниді ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

Айта кетейік, Қазақстан Ұлттық баскетбол федерациясын 2022 жылдың 12 тамызынан бері Абай Әбдісаметұлы Алпамысов басқарады. Ол федерация президенті қызметін бұған дейін де, 2013-2017 жылдары атқарған.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→