weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Баннер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Сырдарияға батып кеткен екі ағайындының денесі табылды

Түркістан облысының Сауран ауданында Сырдария өзеніне батып кеткен екі ағайындының денесі табылды. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды

Сырдарияға батып кеткен екі ағайындының денесі табылды
Фото: Ашық деректер көзі

Қайғылы оқиға 22 тамызда Үшқайық ауылдық округі аумағында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 2002 жылы туған азамат шомылуға тыйым салынған жерде суға түскен. Оны құтқаруға әрекет жасаған 1998 жылы туған ағасы да өзенге батып кеткен.

Құтқарушылар 24 тамызда 2002 жылы туған азаматтың денесін оқиға орнынан шамамен 6 шақырым жерден тапқан.

Ал 25 тамызда екінші азаматтың денесі оқиға орнынан шамамен 30 шақырым қашықтықтан табылып, судан шығарылды.

Іздестіру жұмыстарына 90-ға жуық адам, арнайы техника, жүзу құралдары мен дрондар жұмылдырылған.

Осылайша, бірнеше күнге созылған іздестіру жұмыстары аяқталды. Өкінішке қарай, қайғылы оқиға салдарынан екі ағайынды да қаза тапты.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→