Жаңалықтар

ШҚО-да жер сілкінді: Үлкен Нарын ауылында 2 балдық дүмпу сезілді

24 тамыз күні кешке Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінісі тіркелді. Жерасты дүмпулерін сейсмологиялық станциялар тіркеген. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында орналасқан. Үлкен Нарын ауылында жер сілкінісінің қарқындылығы 2 балл болған.

Жер сілкінісінен кейін мамандар өңірдегі жағдайды тексерді. «Қазселденқорғау» қызметінің мамандары өзен арналары мен гидротехникалық нысандарды, сондай-ақ сел және сырғыма қаупі бар аумақтарды қарап шықты.

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер мен қираған нысандар жоқ. Өңірдегі жағдай тұрақты.

Мамандар жер сілкінісінің салдарын бақылауды жалғастырып жатыр.