Сұмдық! Коронавируске дейін комаға түскен адам, есін жиған соң өкінген

Сұмдық! Коронавируске дейін комаға түскен адам, есін жиған соң өкінген

ашық дереккөзі

Әлемді шарлаған коронавирус індеті таралмай жатып, комаға түскен мәскеулік азамат есін жиған. Індет таралғанға дейін ес-түссіз жатқан ол, оянған соң, дәрігерлерден не болғанын, қайда жүргенін, не үшін жұрттың бәрі маскамен тағып алғанын сұрай бастаған. Бар шындықты естіген ол сұмдыққа оралғанын көріп, өкінген. Мәскеу тұрғыны 6 мамырда ауруханаға түсіп, сәтті ота жасалған. Алайда бір аптадан соң, комаға түсіп, жансақтау бөлімшесіне ауыстырылған. Кейіннен екі өкпесі қабынып, ем қабылдауға тура келген. Коронавирус тест тапсырғанмен, теріс нәтиже көрсеткен. Бес аптадан соң, ол есін жиған. Аз уақыттан соң, өлім аузынан аман қалған азамат дәрігерге барып, мән-жайды түсіндіруді өтінген. Әлемді ауру жайлап, көшеге шығуға тыйым салынып, барлық адам маска мен қолғап киіп жүруі міндеттелгенін есітіп, қатты таң қалған. Басқа әлемге түсіп қалғандай күй кешкен ол осындай жағдай орын алғанына сенер емес. Бүгінде оның жағдайы бірқалыпты. Карантин режимі алынып, жұбайымен кездесуге рұқсат ала бастаған.

Жүктелуде...