Жаңалықтар

Түркістан облысы Сауран ауданында сайлаушыларды бауырсақ пен қымызбен қарсы алды

Түркістан облысы Сауран ауданында Құрылтай депутаттарының сайлауына келген тұрғындарға ұлттық тағамдар ұсынылды. Сайлау учаскелерінде қазақы дастархан жайылып, азаматтарға бауырсақ, қымыз-қымыран сияқты ұлттық дәмдерден ауыз тиюге мүмкіндік жасалды. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.

Бұл бастама маңызды саяси күнді ұлттық құндылықтармен сабақтастырып, сайлау учаскелерінде жағымды атмосфера қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған.

Дауыс беруге келген тұрғындар дәстүрлі қазақ дастарханынан дәм татып, сайлау күнінің ерекше сәттерінің біріне куә болды. Ұлттық тағамдар арқылы халқымыздың ежелден қалыптасқан қонақжайлық дәстүрі де дәріптелді.

Айта кетейік, Сауран ауданында Құрылтай сайлауына арналған 42 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр. Аудан бойынша дауыс беру құқығына ие азаматтардың саны 53 310 адамды құрайды.