Алматы әкімі Құрылтай сайлауында дауыс берді
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Құрылтай депутаттарының сайлауында өз таңдауын жасады. Қала басшысы №159 мектепте орналасқан сайлау учаскесіне барып, дауыс берді. Newsroom.kz хабарлайды.
Дархан Сатыбалды сайлау нәтижесі елдің болашағы үшін маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстанның саяси тарихында жаңа кезең басталып отыр.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев үндеуінде атап өткендей, болашағымыз әрқайсымыздың саналы таңдауымызға байланысты. Қазақстанның жарқын келешегі әр азаматтың жауапкершілігі мен адалдығынан басталады», – деді Алматы әкімі.
Қала басшысы бұл туралы Instagram парақшасында жариялады.
Бүгін, 23 тамызда Қазақстанда Құрылтай депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Азаматтар елдің жаңа саяси институтына өз өкілдерін таңдауда.