Салық декларациясын кім тапсыруы керек?
Қазақстанда азаматтардың жекелеген санаттары 2025 жылғы кірістері мен мүлкі туралы 270.00 нысанындағы декларацияны тапсыруы керек. Декларацияны ұсынудың соңғы мерзімі – 2026 жылғы 15 қыркүйек.Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
2026 жылдан бастап жалпыға бірдей декларациялау тәртібі өзгерді. Енді 270.00 нысанын барлық азамат жаппай тапсырмайды. Декларация тапсыру міндеті заңда белгіленген нақты санаттарға қатысты.
Кімдер декларация тапсырады?
Мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген тұлғалар және олардың жұбайлары, заңды тұлғалардың басшылары мен белгілі бір үлесі бар құрылтайшылар, жеке практикамен айналысатын азаматтар декларация тапсыруы тиіс.
Сонымен қатар шетелде мүлкі немесе белгілі бір көлемнен асатын банктік шоттары бар, цифрлық активтер иеленетін азаматтар да 270.00 нысанын ұсынады. Бұған қоса есепті жылы құны 20 000 АЕК-тен асатын ірі мүлік сатып алған тұлғалар үшін де декларация тапсыру міндеті қарастырылған.
Салықтық шегерім алған қызметкерлерге де қатысты
2026 жылғы декларациялау науқанындағы ерекшеліктердің бірі – 2025 жылы жұмыс берушісіне алдын ала салықтық шегерім қолдану туралы өтініш берген қызметкерлердің де 270.00 нысанын тапсыруы.
Бұл көпбалалы отбасыларға, оқуға, медициналық қызметтерге жұмсалған шығындарға және ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыларға қатысты шегерімдерді қамтиды. Мұндай шегерімді жұмыс беруші арқылы пайдаланған азаматтар өз құқығын растайтын құжаттарды дайындауы қажет.