Жаңалықтар

Ғабит Расулхан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы атанды

Қазақстандық дзюдошы Ғабит Расулхан Эквадорда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында топ жарып, алтын медаль иеленді. Ол 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды. Деп хабарлайды Newsroom.kz

Эквадорда дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасының өкілі Ғабит Расулхан ел қоржынына алғашқы алтын медальді салды.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық спортшы жарыс барысында жоғары деңгейдегі шеберлігін көрсетіп, финалға дейін сүрінбей жетті. Шешуші белдесуде ол канадалық Роман Семирозуммен кездесіп, қарсыласынан басым түсті.

Осылайша Ғабит Расулхан әлем чемпионы атағын жеңіп алып, Қазақстан құрамасының қоржынына алтын медаль қосты.

Жарыстың алғашқы күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 1 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте көш бастады.

Әлем чемпионаты алдағы күндері де жалғасады. Қазақстандық жанкүйерлер ұлттық құрамадан тағы да жүлделі нәтижелер күтеді.