Жаңалықтар

Қазақстанда «Құрылтай» есімін 10 адам иеленген

Қазақстанда «Құрылтай» және оның түрлі жазылу нұсқасындағы есімді иеленген он азамат тіркелген. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.

Ресми мәлімет бойынша, елде «Құрылтай», «Курылтай», «Курултай» және «Курлтай» есімдерімен тіркелген 10 адам бар. Ұлттық статистика бюросының 2026 жылғы тамыздағы деректері көрсетелген. Олардың алтауы- ер адам, төртеуі- әйел.

Аталған есімді азаматтардың ең көбі Шығыс Қазақстан облысында тұрады. Мұнда төрт адам тіркелген. Алматы қаласында – екі, ал Абай, Жамбыл, Қарағанды және Маңғыстау облыстарының әрқайсысында бір-бір адамнан бар.

Есім иелерінің жартысы, яғни бес адам, 65 жастан асқан. Олардың ең үлкені – 80 жаста. Қалған азаматтардың арасында 30-34, 50-54, 55-59 және 60-64 жас аралығындағы адамдар бар.

Осылайша, Қазақстанда «Құрылтай» атауы кең таралған есімдердің қатарында болмаса да, оны иеленген азаматтар еліміздің бірнеше өңірінде тұрады.