Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
3 маусым, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Мұхамеджан Тазабеков: Бай болудың да, кедей болудың да 100 себебі бар

Мұхамеджан Тазабеков: Бай болудың да, кедей болудың да 100 себебі бар

Мұхамеджан Тазабеков: Бай болудың да, кедей болудың да 100 себебі бар
ашық дереккөзі

Айтыскер, ақын Мұхамеджан Тазабеков кедей мен бай болудың құпиясын айтты. Байдың да басында қиындығы бар, кедейдің де бақытты ғұмыр кешетінін үлгі етті.

"Сүлеймен пайғамбар(ғ.с) бай болды, Иса (ғ.с) жарлы боп өтті... Екеуі де адамзаттың абзалы еді. Исаны да (ғ.с) бай-бақуат пайғамбар қылам десе, Аллаға оңай еді. Бірақ, бұл да бір жаратылыстың, тағдырдың әркімде әртүрлі болатынына бір ғибрат еді. Жомарт болсаң, байлық бақытқа жетелейді, кеңпейіл, сабырлы болсаң кедейлік те қорлық емес екеніне бір дәлел еді... Бұл "кедей бол, байыма, қамсыз жат, көрген күніңе риза бол" деген сөз емес. Керісінше, "қай жерден жолымыз тарылды, не нәрседен қырсық шалды, қай мүмкіндікті жіберіп алдым, қай қылығым Құдайға жақпай қалды" деп, себептің түбін ақтарып, проблеманың тамырын табуға бағыттау, ниетіміз. Жылап отырған байды байқап, күліп жүрген кедейді көрдік... Басқаға бәтуа айта алмаймын, өзімнің өмірімнен, туыстарымнан, төңірегімдегі жақындарымның жағдайынан соны байқадым. Осы кезде өте жақын бірнеше ауқатты әулетті, ондаған орташа отбасыларды, жүздеген жарлыны таниды екенмін... Көбісінің жеті атасынан осы күнгі тағдырына дейінгі шерлі шежіре, өмір өрнектерін естігенмін. Бала кезінен бүгінгі күнге дейінгі бастарынан өткен оқиғалар мен шешуші сәттері жайлы өз ауыздарынан қаныққанмын. Көбісіне өзім де куә болғам. Өмірде әрбір пендеге бір емес бірнеше реттен тасын өрге домалататын мүмкіндіктер берілген. Біреу пайдалана алды, біреу қапыда қалды... Кісімен тіл табысып немесе барды ұқсатып, көшін түзетіп кеткендер қаншама?! Өмірде бір сүрініп, қайта тұра алмаған тағдырлар қаншама?! Кішіпейілділік пен адалдығының арқасында айдаладағы адамнан жақсылық көріп, ел қатарына қосылып кеткен жан аз ба?! Қырсықтығы мен қыңырлығының, тәкаппарлығы мен тәртіпсіздігінің себебінен сенделіп жүргендер де маңайымызда жоқ па...? Бай болудың 100 себебі бар, өкіметтің қамқорлығы соның біреуі ғана... Кедей болудың 100 себебі бар, биліктің бейғамдығы соның біреуі ғана", - деп жазды парақшасында. Дереккөз: Stan.kz порталы