Sportroom

Әлемдегі ең қымбат 10 футбол клубы белгілі болды

2026 жылы әлемдегі ең қымбат 50 футбол клубының рейтингі жарияланды. Алғашқы ондыққа Еуропа құрлығынан 10 клуб енді,— деп хабарлайды newsroom.kz

Рейтингті Brand Finance аналитикалық платформасы жасады. Компания футбол клубтарының бренд құнын бағалап, әлемдегі ең қымбат футбол брендтерінің жаңартылған тізімін ұсынды.

Рейтингте үшінші жыл қатарынан Мадридтің «Реал» клубы көш бастап тұр. Оның бренд құны 2,36 млрд еуроға бағаланған.

Екінші орында — каталониялық «Барселона». Клубтың құны 1,94 млрд еуроны құрайды. Ал үздік үштікті Лондонның «Арсеналы» 1,51 млрд еуро көрсеткішімен түйіндеді.

Рейтингтің үздік ондығына әлем футболының басқа да алпауыттары кірді:

• «Бавария» — 1,49 млрд еуро;

• ПСЖ — 1,48 млрд еуро;

• «Манчестер Сити» — 1,46 млрд еуро;

• «Ливерпуль» — 1,45 млрд еуро;

• «Манчестер Юнайтед» — 1,42 млрд еуро;

• «Челси» — 941 млн еуро;

• «Боруссия Дортмунд» — 654 млн еуро.

Айта кетейік, бұған дейін ағылшындық шабуылшы Гарри Кейн өткен маусымның қорытындысы бойынша «Алтын бутсы» сыйлығымен марапатталған болатын.