weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Баннер
20 тамыз, 2026 / Admin / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Балаңыз 5 жасқа толса, шотына 259,5 мың теңге түседі

Қазақстанда «Келешек» бағдарламасы аясында бес жасқа толған балалардың білім алуына арналған шоттарына мемлекеттен бастапқы білім беру капиталы түседі. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.

Балаңыз 5 жасқа толса, шотына 259,5 мың теңге түседі
Фото: Жасанды интеллект

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында бағдарлама бойынша 15 085 баланың AQYL депозитіне 259,5 мың теңгеден аударылған. Бұл мақсатқа жалпы 3,9 млрд теңге бағытталған.

 «Келешек» жүйесі баланың болашақта колледжде немесе жоғары оқу орнында білім алуына қаржы жинауға мүмкіндік береді. Мемлекеттік бастапқы капитал бір рет беріледі. 2026 жылы оның мөлшері жалпы санаттағы балалар үшін 60 АЕК немесе 259,5 мың теңге, ал жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін 120 АЕК немесе 519 мың теңге.

 Бағдарлама бойынша ата-аналар депозитті жыл сайын толықтырып отыруы қажет. 2026 жылы міндетті жарна жалпы санат үшін 24 АЕК (103,8 мың теңге), ал әлеуметтік басым санаттағы балалар үшін 12 АЕК (51,9 мың теңге) болып белгіленген. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бұл жарнадан босатылады.

  Жинақталған қаражатты Қазақстандағы немесе шетелдегі жоғары оқу орындары мен колледждердің оқу ақысын төлеуге пайдалануға болады. Бағдарлама бойынша салымға банк сыйақысымен қатар мемлекеттік сыйлықақы да есептеледі.

 Екінші жартыжылдықта бес жасқа толатын балалардың шоттарына бастапқы капитал 2027 жылдың ақпанында аударылады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→