Балқаштағы Үміттен қорқу керек пе? Мамандар жауап берді
Амур жолбарысы Үміттің «Іле-Балқаш» резерватына жіберілуі Балқаш маңындағы тұрғындар мен туристер арасында алаңдаушылық туғызды. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
Мамандардың айтуынша, Үміттің қозғалысы GPS/GSM құрылғысы арқылы тәулік бойы бақыланады. Жолбарыс табиғатқа шығар алдында ветеринарлық тексеруден өтіп, өздігінен аң аулауға қабілетті екені анықталған.
Мамандар Үміттің адамға әдейі жақындауы екіталай екенін айтады. Дегенмен жолбарыс кездескен жағдайда оған жақындауға, қууға немесе суретке түсіруге болмайды. Қауіпсіз жерге шегініп, мамандарға хабарлау қажет.
Жолбарысты Іле-Балқашқа қайтарудың негізгі мақсаты - оның тарихи мекеніндегі популяциясын қалпына келтіру.