Арыста оқ-дәрі фрагменті жарылды
Арыстағы әскери бөлімдердің бірінің техникалық аумағында құрғақ шөп өртеніп, өрт кезінде кәдеге жаратуға алдын ала дайындалған оқ-дәрі фрагментінен дүмпу болған. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
Оқиға 19 тамыз күні сағат 19:00 шамасында болған. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, өрт толығымен сөндірілген. Зардап шеккендер мен қираған нысандар тіркелген жоқ.
Қазір оқиға орнында тиісті қызметтер жұмыс істеп жатыр. Министрлік жағдайдың бақылауда екенін айтып, азаматтарды әлеуметтік желілердегі расталмаған ақпаратқа сенбеуге шақырды.