Жаңалықтар

«Келешек мектептері»: үш жылда 217 жаңа мектеп пайдалануға берілді

«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында соңғы үш жылда 460 мың оқушыға арналған 217 жаңа мектеп салынды. Оның 84-і ауылдық жерлерде бой көтеріп, мыңдаған балаға заманауи білім алуға мүмкіндік берді. Деп хабарлайды Newsroom.kz

«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында үш жыл ішінде 460 мың оқушыға арналған 217 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Оның ішінде 2024 жылы – 105, 2025 жылы 112 мектеп салынды.

Жаңа білім беру нысандарының іске қосылуы нәтижесінде 54 үш ауысымды және 12 апатты мектеп мәселесі толық шешілді. Сонымен қатар 100-ден астам мектептегі орын тапшылығы азайды.

Ауылдық жерлерде 84 жаңа мектеп бой көтеріп, 130 мыңнан астам ауыл баласына заманауи білім беру ортасы жасалды.

Жаңа мектептер бұрынғы типтік нысандармен салыстырғанда 15–20%-ға кең. Олардың техникалық жабдықталу деңгейі 4 еседен астам жоғары. Білім беру нысандары заманауи зертханалармен, STEM және робототехника кабинеттерімен, компьютерлік сыныптармен, шеберханалар және шығармашылық студиялармен жабдықталған.