Жаңалықтар

6 жылдан кейін АҚШ-тан: ханзада Гарри мен Меган Маркл Ұлыбританияға оралмақ

Сассекс герцогі мен герцогинясы корольдік міндеттерінен бас тартып, АҚШ-қа көшіп кеткеніне алты жыл өткен соң Ұлыбританияға біржола оралуды жоспарлап отыр. Бұл туралы BBC мәлімдеді,— деп хабарлайды newsroom.kz

Британдық БАҚ мәліметінше, Гарри мен Меган Калифорниядан тамыз айының соңында кетуді жоспарлап отыр. Ерлі-зайыптылар Лондоннан тыс жерде орналасқан жеке резиденцияға қоныстанбақ. Көшуге себептердің бірі — балаларының оқу мәселесі. Жеті жастағы ханзада Арчи мен бес жастағы ханшайым Лилибет қыркүйек айында жергілікті мектепке баруы тиіс.

Ерлі-зайыптылар мен Виндзор әулетінің қарым-қатынасы 2020 жылдың көктемінен бері шиеленісті болып келді. Жағдайдың өзгеруіне шілде айында ерлі-зайыптылардың балаларымен бірге Глостерширде III Карлмен кездесуі ықпал етті. Бұл олардың соңғы төрт жылдағы алғашқы кездесуі болды.

Сонымен қатар, Ұлыбританияда ерлі-зайыптылардың қауіпсіздігі мәселесі әлі де ашық күйінде қалып отыр. Бұған дейін ханзада Гарри Ұлыбританияның Ішкі істер министрлігіне қарсы сот процесінде жеңіліп, АҚШ-қа кеткеннен кейін өзіне берілген мемлекеттік полиция күзетін қайтаруға тырысқан еді.